22.09.2021
150
Теледидар төрінде қабақ керіп
Теледидар төрінде қабақ керіп,
Биліксіздер сұқпаты үкім беріп
Айту керек бұл істі, бүйту керек,
Деп жатқанда отырам күлкім келіп.
Сөзде тұрлау пәтуә жоқта тұрақ,
Бос даурығу не керек ойлар құрап.
Нені қалай шешерін, не істерін
Биліктілер жатпайды бізден сұрап.
Теледидар билік Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы