21.09.2021
158
Ғажайып бір сәттер болған
Ғажайып бір сәттер болған
Басыңа бақ құсы қонған
Ыстықта самал боп өбісіп,
Елемес суықты тоңған.
Ән салып аймағың тамам
Болмайтын көңілде налаң
Толқыған демдер тоғысып,
Бойында қалмайтын шамаң.
Ол сәтте аймағын жаңа,
Ақ мұнар ақыл мен сана...
Ес кеткен сол бір күндердің
Қалыпты елесі ғана.
Уақыт мойын бұрғызбай,
Арманды ұзақ қуғызбай
Көңілде көмескіленеді екен
Сөнермен алыс жұлдыздай.
ғажайып сәт Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы