21.09.2021
122
Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан
Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан
Сенсіз де жетіп жатыр құрған қақпан...
Сол «сылқым» бұл дүниеде біреу-ақ қой
Өзгесі болса, іздерсің басқа жақтан.
Ағаның құттықтадым қуанышын,
Қуанбай нәрестеге тұрамысың!
Көңілінде кімнің болсын шырақ жақсам,
Дегендей жақсылыққа бұрады ішім.
Ешкімнің бақ-талайын күндемеймін,
Жаным бар бұлтқа емес, күнге бейім.
Деген ғой күншіл көзі қос көреді...
Тәптіштеп арғы жағын мен не дейін.
дүние қуаныш Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы