20.09.2021
112
Айтыстың, аянбадың
Айтыстың, аянбадың,
Айтшы не өндіре алдың?
Жамандап жаныңды салдың,
Кімді оған сендіре алдың?
Әккілік айла, амалыңмен
Биіктің бәрін де алдың,
Тек адамдық биігі бұйырмай,
Қауымнан ала аяқ ат алған
Сол жексұрын күйінде қалдың.
айтыс аянбау Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы