20.09.2021
126
Әркімде бар-ау
Әркімде бар-ау
Арман.
Ілгері жетелейтін
Һаман,
Тек соның
Жаман.
Жол тапқыш,
пысықтарға ілесіп
Төтелейтіні,
Биікке шығып алған соң.
Халықтың үмітін
Өтемейтіні.
Жапалақтар жиналып
Кінә такты бұлбұлға:
Сайраудан бір талмайсың,
Алдыңа құс салмайсың.
Даусың бір, япыр-ау
Қарлығып неге қалмайсың!
Көзге тікен боп кірмей,
Көктөбенің бауырына
Мәңгіге неге бармайсың?
арман Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы