20.09.2021
151

Отандасыма
Жат жерде жүрген,
боздаған бота бауырым,
Түсінемін мен,
жүректе жараң ауырын.
Отанда отыр демесең,
Күйім артық па
Ұсына алмаған
Тізгінім аттың сауырын.
Қорланып бәрін
Күйініп еске аламын,
Сыздатып жанды
жүректе терең нала, мұң...
Шарасыздықтан
Шерменде күйді
бақсының
Қобызы сынды
Сарнатып гөй-гөй саламын.
Отандас отан Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы