20.09.2021
154
Сақтасын
Ақыл-көмек алатын,
Шың басына баратын.
Өзі болып алған соң
Аяғыңнан шалатын
Жақыннан құдай сақтасын.
Көлгірсіп келіп табатын
Көмек ап қанат қағатын.
Өзі болып алған соң
Шаян болып шағатын,
Шабаланып қабатын
Достықтан құдай сақтасын.
Елім деп судай ағатын,
Шыңға солай баратын.
Өзінен өзге қадамды
Қақпан болып қабатын
Бастықтан құдай сақтасын.
сақтау құдай Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы