20.09.2021
156
Ғибрат
Өктемдікпен келісе алмай
Тайталасып өр кеуде
Намыс буып бекініп тұр
Жарық дүние сөн деуге...
Кенет құздар шың құлады,
Өтер ме жан жаншымай
Өз қайғысы көрінді енді
Көл қасында тамшыдай.
Уақыттың құзырымен
Көріп соққан құйынды
Алқынған күш — асау толқын
Арнасына құйылды.
ғибрат Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы