20.09.2021
182
Тірелдім тұйыққа
Тірелдім тұйыққа,
Зіл батпан иықта.
Бұл өмір шуағын
Мәңгіге қиып па!
Арқамда аға жоқ,
Іні жоқ , бала жоқ,
Күреске шама жоқ,
Көнбеске шара жоқ.
Бала жоқ, – пана жоқ,
Көңілде нала көп
Жүректе жанады от
Жанымда жара көп.
Айығар шама жоқ,
Дұшпанға таба боп
Отырмын бейдауа
Шүйкедей ғана боп.
Тұйық өмір Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы