20.09.2021
199
Түсінбедім
Түсінбедім!
Өмірге түскен терең із
Жақсы-жаманын
ажырата айтып-ақ келеміз.
Өзіміз сынап,
өзіміз мінеп өткенді,
Бүгін кеп соны
неге қайталай береміз!
Түсінбедім!
Жоқ па басқа шарамыз?
Бейшара көшті
қай жаққа сүйреп барамыз?
Қолдан жасалған
құдай деп кеше құлатып,
Неліктен бүгін
жаңадан жасап аламыз?
Түсінбедім!
Құдай біреу еді бір күнде.
Жүретін еді құзыры
көпке сол бірдің де.
Япыр-ау бүгін
аспаннан құдай жауғандай...
Әлде мен ояу
ұйқыда, сірә, жүрмін бе!
түсінбеу өмір Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы