20.09.2021
151
Оны жеңдім деп
Оны жеңдім деп
Масайрап келдің.
Өзіңе риза боп,
Көкірек кердің.
Кімнің қақысы
Кімде кетпеген...
Опасыз дүние
Кімнен етпеген.
Дүние қысасы
Дүниеде қайтады
Ісін, әлемге
Кім екеніңді айтады.
Қуанасың бос
Мәз болып бекер
Бұл пәни дүние
Сенен де өтер.
жеңіс дүние Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы