20.09.2021
  1048


Аналар күні құтты болсын достар!

АНА деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар.

Ару-ана, Асыл - ана, Ана – көңілдің гүлі, өмірдің жыры, Аналарымыз бір қолымен бесік тербетсе екінші қолымен әлемді тербеткен,
тіпті айта берсең сөз жетпейді.

Елімізде жыл сайын аталатын Аналар күні мерекесі қыркүйек айының үшінші жексенбісіне бекітілген.

Анасы бар адам ешқашан қартаймайды!
«Адамдық негізі - ана» деген еді Мұхтар Әуезов.

Дүниеде үш нұр бар. Біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың нұры, ал үшіншісі – ананың нұры дейді халық даналығы.

Бұл мейрам аналарымызға жиірек алғыс айтуымыз керектігін еске салады.
Аналарымыздың нұры таусылмасын! Аналар күні құтты болсын достар!





Пікір жазу