19.09.2021
184
Құзғын мен бұлбұл
(Мысал)
Алдында жалпақтап жүретін,
Ол жымиса, қарқылдап күлетін,
Жандайшап жапалақтарын жинап,
Бұйырды байғыз:
Анау бұлбұлды
Орманнан, орнынан тайғыз.
Құзғынға ұнамай жатыр,
Сайрауық бұлбұлсып батыл,
Құзғынға құзғынсың депті,
Елемей отырған көпті,
Құзекемді соншама сөкті,
Сөйтіп ол заржақ сорлы
Құзекем абыройын төкті.
Құзекем бақаша булығып,
Көзімнен жойыңдар депті.
Жапалақтар жалп-жалп ұшты,
Бұлбұлдың соңына түсті...
Құрыттық, қираттық десті,
Құзғынның көңілі өсті...
Орманды құзғынға беріп,
Өмірін әнменен еріп,
Бұлбұл жүр еркімен сайрап,
Құзғын жүр тек тісін қайрап.
құзғын Бұлбұл Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы