19.09.2021
218
Бұйрық
Тән – мылқау,
ақыл – сылбыр,
көңіл – жүйрік,
Көз көріп, көп дүние ішке түйдік:
Пәндалық «алсам» үшін арпалыс бар,
Ырыс бар санаспай көр дейтін «бұйрық».
Ал бұйрық – қажеттілік, кездейсоқтық
Қауышып,
ғайыптан бір келген дөптік,
Біреудің азаппенен бар еткені,
Бұйыру біреулерге беріп шоқтық...
Осыдан жүйрік жүйткіп, күдік туар,
Сайысқа түсер айла, қулық қуар.
Жылымдай жылжып шоқтық биіктер де,
Шешенге тоқтау айтып бұйрық тұрар.
бұйрық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы