19.09.2021
151
Үйіріп ұйтқыды дауыл
Үйіріп ұйтқыды дауыл,
Ұшырды гүл жапырағын.
Домалап күй кешіп ауыр
Кезді ол жер атырабын.
Тау асты,
Орманға барды
Үдеді дауылда сарын.
Жүдеді жапырақ сорлы
Сарқып бар бойында барын.
Ақыры сынды да, тынды
Жамылып өскен жер топырағын.
Дауыл Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы