19.09.2021
171
Екпін
Дұрыс айтпадым бірер сөздің екпінін,
Сол екпінге кетіп-ақ еді көп күнім.
Жеңіл екпін зілдей қадам байлайды
Әсер сәтте бола қалып тек мінім.
Екпінменен жөргегінде танысқан,
Өз тілінен мақрұм қалған «данышпан»,
Екпіндерін түгендемей өзгенің,
Туған тілін білмегенге намыстан.
Екпінді де, екпіндер де жетерлік,
Кей малмаңдар қанжығада кетерлік...
Екпіндерін түгендемей өзгенің
Дана тусаң ел намысын көтер тік.
екпін Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы