19.09.2021
137
Диалектика
Жұтарман, жойқын
Мұхит – дүние,
Өмір – өр толқын іреңді.
Зымырап уақыт,
Біреу қуанып,
Кейіс уатып
біреуді.
Өмір – бекетін
Жылап кеп тұрып,
Қимай кететін
пәндә адам,
Толқында налып,
Тал қармап талып
Жүрсе де жарық
таңдаған.
Жеткізбес үміт
Жетелеп
толқын
Желкелеп үгіп
жігерін...
Мұратын іздей...
Сөніп бір жанып,
Күрескен үзбей
күдерін
Бұл мәңгі
ғалам
Қоғам боп тұтас
Басқалы адам
ілгері.
Жылжыған ұлы
Алып дөңгелек
Жүргізер мұны
Кім кері!
Диалектика Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы