19.09.2021
  151


Автор: Тұрсынхан Әбдірахманова

Төребек сұлу

(Әжнияздан)

Мінсіздігің Бозатаудың гүліндей,
Сен бар жерде ара гүлден безінер.
Кірпігіңді бір көтеріп күлімдей
Қарасаң сен, түн жұлдыздан безінер.
Сені көрген мынау пәни ғаламда
Бар сұлулық атаулыдан безінер.
Сені көріп сабыр тапқан адамнан
Сабыр-тахат өзі аулақ безінер.
Тәтті тілің, майда сөзің ерітіп,
Жылжытар да жалынды іннен бездірер.
Махаббатың маужыратып, елтітіп,
Бұл аманат жанды тәннен бездірер.
Алтын тіллә, пісте мұрнында әребек.
Екі қара көзің екі бәледек.
Үргеніште ару бегім Төребек,
Мәжнүн етіп Зиуарды елден бездірер.





Пікір жазу