19.09.2021
153
Сицилия аралы
Тәрізді бір талып жеткен таң, әні
Бар екен де
көзді жаулап алары.
Көк аспанды жамылып,
кек теңізді
Құндақ еткен Сицилия аралы.
Сан құбылып, көлеңке күн ауысып,
Ақша бұлттар ажырап, бір қауышып..
Ленталарын іліп болмай жатқандай
Кемпірқосақ көкте сабыр тауысып.
Ағаштары тағып алтын алқаны,
Сусындатқан жемісінің бал дәмі.
Апельсині, лимоны үшін ат алған,
Шынында да алтын екен алқабы.
Көңіліме құйып алып көлемін,
Көркемдікпен кез суарып келемін.
Бұл аралдың әр шоқысы, әр тасы
Шырқағандай «Санто лу чио» өлеңін.
Сицилия Арал Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы