19.09.2021
159
Мылжыңдар туралы аңыз
Аңға шығып бір күні екі эстон,
Мылтық алып, ит ертіп,
орман кешкен.
Бір заматта кездескен ізді керіп,
Бір-біріне:
– Қоян!
– Иә, қоян! – дескен.
Осыдан соң екеуі екі жаққа,
Кетіп, орман шарлайды күн ұзаққа.
Кешке қарай қайтыпты ауылына
Ең арысы түспепті шіл тұзаққа.
Таңертеңгі із тағы ұшырасқан,
Орман кезіп күн бойы түсі қашқан.
Бір-біріне қарасып тұрып-тұрып:
– Қоян!
– Иә, қоян! – деп ажырасқан.
Жайланған соң үйінде асқа тойып,
Трубкасын жайымен сорып қойып.
Әйеліне бұл жәйді айтса бірі,
«Неткен мылжың едіңдер»
депті кейіп.
мылжың аң мылтық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы Тұрсынхан Әбдірахманова аңыздары