19.09.2021
127
Көктемде
Тағы да келді
Жас мырза көктем көрікті!
Бойжеткен дала
Бойына гүлдер өріпті!
Кербез Алатау
Ақ сусар әсем бөрікті
Сүйіншісіне
Сыпырып бастан беріпті!
* * *
Ақ сағымы аймалап,
Күн төккенде жерге нұр.
Қына тасты қақ жарып,
Қаулайды екен жас өмір.
Көктем Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы