19.09.2021
158
Ақ Еділ
Ең жойқын, ақ жайқын, Ақ Еділ,
Сен неткен айдынды ең, кең едің?
Қырың құт, баурайың бақ Еділ,
Халықтың ырысы дер едім!
Көп көрген көне Еділ, ана Еділ,
Дарқансың, мейірбан асылсың.
Бойында алуан сыр бар Еділ,
Тарихсың, өзің сан ғасырсың.
Таусылмас несібе ұрпаққа,
Нанысың қолында баланың.
Ел бағы, ер сағы сын шақта,
Туысың ар, намыс, сананың.
Сондықтан Ақ Еділ, ана Еділ,
Атандың әйгілі әлемге.
Сондықтан ақ Еділ, нән Еділ,
Сыймайсың азғантай өлеңге.
Ақ Еділ Еділ Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы