19.09.2021
154
Дала тынысы
Көп таңдайды тамсандырған сұлудай,
Торғын киіп келді толқып сұлу Май.
Көгілдір көк – айдынды көл, ақша бұлт,
Еркін жүзген оның кербез қуындай.
Төңірек дәл түркіменнің кілемі,
Кірмеген бір зат қалсашы реқі.
Қабақ ашпай тұратұғын тымырсық,
Жартас тағы бүгін жайраң күледі.
Жұпар демі, тынысы сай-саланың
Қоңыр кешкі әлдиіндей ананың.
Жарын тосып жалқы жүрген арудай,
Жаудырайды қызғалдағы даланың.
дала тыныс Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы