19.09.2021
175
Түн тынысы
Жазғы түн.
Жасыл құрақ. көл жағасы.
Көлде түр келісті бір көңіл нашы.
Дірілдеп айдынында ай сәулесі,
Жиектің жылтылдайды меруерт тасы,
Қараймын қызыққаннан күміс көлге,
Көл қадап алғандай көп күміс теңге.
Тоғысқан ай нұрымен бу мұнарын
Дерсің бір тоқып құрған күміс перде.
Маужырап, мүлгіп мақпал түн ұйықтапты
Манаурап бар табиғат тұнып қапты.
Айменен абысындай сырлас көл де
Толқыннан толас тауып тыныстапты.
Түн тыныс жаз Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы