18.09.2021
158

Аяды
Ақ лақ маңырап,
Енесін іздейді.
Ал Әсем таңырқап. –
Тиді екен кім? – дейді.
Көрмек еді уатып,
Ақ лақ көнбеді
Басынан жұбатып,
Сипауға бермеді.
Кім сені жылатты,
Кім?– деді, сұрады,
Аяды лақты,
Қосылып жылады.
аяу лақ Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы