18.09.2021
198
Жарысы жүйріктердің мынау заман
Жарысы жүйріктердің мынау заман,
Жүзінен жүлделінің нұр аумаған.
Биік шың бітпес арман жетелеген,
Кейбіреу алдамшы үмітті ылаулаған.
Өмір – теңіз, адамдар сыр аулаған,
Сыр аулаған кей жүзде мұң аунаған.
Баршындай бақ, торықпас тұлпар талап
Сайысында кей самай қыраулаған.
Сынап сынды толқыған еспе көңіл,
Бұрмалама ойымды, шешпе женіл.
Құмырсқадай дән тасып, дамыл алмай
Бұл дүниеден қыруар көшкен өмір.
Көшкен өмір ізі бар – кесте небір,
Кестесіне ой жібер шешпе жеңіл.
Жақсылықты ұмытшақ адам пенде,
Қиынымен қымбат қой дескен өмір.
жүйрік жарыс заман Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы