18.09.2021
186

Дейтінің де бар мені толқымалы
Дейтінің де бар мені толқымалы,
Қалай ғана толқымай ол тынады!
Көкірегімде күй жатыр теңіздейін
Басылмаған өр, асау толқыны әлі
Сол бір күйім көк жойқын толқымалы
Рахатқа жаныңды толтырады.
Үміттенбе үзеңгім үзілер деп,
Қайда барсаң алдында ол тұрады.
Ол тұрады алдында – мен тұрамын.
Құлағында құйқылжып толқыр әнім.
Қалайтының аташы қай мінезім,
Бәрін табам, олқынды толтырамын.
Дейтінің де бар мені толқымалы,
Қалай ғана толқымай ол тынады.
Көкірегімде күй жатыр теңіздейін
Басылмаған өр, асау толқыны әлі.
толқу күй Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы