18.09.2021
216
Тағдырға
Тағдырым.
Сен көлеңкемдейсің,
Қия бастырмайсың,
Бірде жел, бірде сеңдейсің,
Аршындап асқындайсың.
Тағдырым,
Келесің күн болып, түн болып,
Қалмайсың, қарқындайсың.
Мейлің келсең де кім болып,
Мен үшін өзіңсің,
Өзге боп артылмайсың.
О, тағдыр,
Арбадың, ала алмадың,
Тізгінді бергенім жоқ.
Адам боп өмірге мен
Саған бағына келгенім жоқ.
* * *
Әлдекімді айыптап,
Әлдекімге өкпелеп
Жүргенше, дос, бір сәтке
Қал арыңмен бетпе-бет.
тағдыр Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы