18.09.2021
140
Ғашықпын
Жүрмейінші дейді ой-хой,
Алшаң-алшаң басып кім!
Өтпейінші дейді солай
Бұл өмірден тасып кім!
Ғарыш бойлап, не болмаса,
Тау төңкеріп, асып шың
Құзырынан тағдырының
Құтылады қашып кім!
Алшаң білмес аяғымды
Әдеппен-ақ басыппын,
Бір жығылып, бірде тұрып,
Талай белден асыппын.
Адамдыққа нұқсан атты
Әрекеттен қашықпын.
Мені тағдыр сонда дағы
Арқандауға асықтың.
Мойындаман бірақ сені
Өтсем де от басып мың,
Қиындығы – қымбаттығы
Мен өмірге ғашықпын.
Ғашықтық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы