18.09.2021
130
Күңгірттік
Күн де күңгірт,
мен де күңгірт,
күй күнгірт,
Жұрт ұйқыда,
мен ғана ояу,
үй жым-жырт.
Барды ішіне
жиып алып, шіркін-ай,
Жарылып кетпей
қалай жүреді бұл жұрт!
Мен де білем
берік болу керегін,
Кейде мен де
мықтысынып көремін.
Әуреленіп,
шықпаған соң ештеңе,
Ақтарамын
бөліседі өлеңім.
Күңгірттік күңгірт Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы