18.09.2021
116
Алып тыныс
Алып тыныс —
мынау шексіз дүниенің тынысы,
Алып тыныс —
мынау өмір қатпар-қатпар сыр іші.
Алып тыныс —
әр адамға берілген аз тіршілік,
Ыстығы мен суығына көніп
етер құлшылық.
Ұлының да
ұлысы бар
биік жатқан шоқтығы.
Сол ұлымыз
адам дер ем
болса-дағы көп міні.
Табиғат өз
заңыменен дамып тыныстағанмен,
Оның-дағы бар тынысы,
тіршілігі адаммен.
Бір ғажабы,
осы тыныс ен қимасың бөтенге,
Қас қағымда
бір үф етіп
тына салады екен де.
Қас қағымда
алып жүрек
тынады екен лүпілі,
Шөлмек – өмір осылайша
сынады екен бір күні.
алып тыныс Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы