18.09.2021
174
Борыш
Ақынмын деме, төгіліп-тасып жатпасаң,
Әншімін деме, есігін аспан қақпасаң.
Жер басып әркім жүреді, бірақ адаммын
Дегейсің, адам қалпыңды биік сақтасаң.
Досын көп сенің ешкімнің тауын шақпасаң,
«Қайрылып көрер есікті қатты жаппасаң».
Адамдық борыш өтедім деме сен, өзге
Көңілде бір сәт Қуаныш отын жақпасаң.
борыш Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы