18.09.2021
142
Биіктігім
Бұрқырадың, тасыдың,
Төгілдің асып шараңнан.
Мен ұға алмай жасыдым,
Айнымай тұрмын балаңнан.
Сен шығанға шырқадың,
Көрсетпек болып бойыңды
«Болатпын желке қырқатын» –
Деп тұрсың, ұқтым ойынды.
Мейлің сен ұйтқы, үдей түс
Ұғынсаң өзің өлгенің.
Тулатқан сені дүлей құш –
Биіктігім ол менің.
биіктік Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы