18.09.2021
163

Сұлулық
Қандай сұлу
Отпен ойнап,
Құрыш құйған болатшы!
Қандай сұлу
Ұста жігіт
Талдай иген болатты!
Қандай сұлу
Шекарашы
Қыран құстай қырағы,
Шопан қыз ше!
Құшарлық-ақ
Жанған жігіт шырағы.
Қандай сұлу
Дәрігер қыз
Ажалменен алысқан,
Егінші ше,
Мерзім күтіп,
Уақытпен жарысқан!
Қандай сұлу
Жасы үлкенге
Қайырымды жас адам!
Қандай сұлу
Жүрек шіркін –
Сұлулықты жасаған!
Отпен ойнап,
Құрыш құйған болатшы!
Қандай сұлу
Ұста жігіт
Талдай иген болатты!
Қандай сұлу
Шекарашы
Қыран құстай қырағы,
Шопан қыз ше!
Құшарлық-ақ
Жанған жігіт шырағы.
Қандай сұлу
Дәрігер қыз
Ажалменен алысқан,
Егінші ше,
Мерзім күтіп,
Уақытпен жарысқан!
Қандай сұлу
Жасы үлкенге
Қайырымды жас адам!
Қандай сұлу
Жүрек шіркін –
Сұлулықты жасаған!
сұлулық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы