18.09.2021
155
Ноқта
Енесінің бауырында,
Еркін ойнап жүрген құлын.
Тулай-тулай тұңғыш рет
Құрдан ноқта киді бүгін.
Шапшып, көкке бұлқынады,
Жұмсайды бар сәби күшін.
«Ей адамзат, ұнамайды», –
Дейді-ау, сірә, – «мынау ісің!»
Бұлқынба сен, бұла сәби,
Заңына өмір келме қайшы.
Тағдырына тап келсе егер,
Ноқта кимес асау қайсы!
ноқта құлын Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы