18.09.2021
171
Жақсы екен аяз қысқаны
Қадірін күннің білер ме!
Азабын түннің шекпеген.
Рахат сырын білер ме!
Маңдайдан терін төкпеген.
Жанымен жайраң күлер ме!
Басынан кейіс өтпеген.
Жалғыздық сырын білер ме!
Жүрмеген жиын көппенен.
Қадірін жаздың білер ме!
Қысылып қыста тоңбаған.
Биігін құздың білер ме!
Талдырып қанат қонбаған.
Саялы бақтың самалын
Сараламастай ұшқары,
Жинақы жүрер жақсы екен,
Аяздың да аздап қысқаны.
Аяз қадір күн Түн Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы