17.09.2021
174
![](/uploads/shorttexts/author_image/04841014466890f3b14c37ec766b4285.jpg)
Албырттық
Албырттық – жасық апармас қайда
Ілезде ұшып жетпей ме айға.
Өмірдің ойы-қырының бары
Ол кезде, сірә, келер ме ойға!
Көресің онда жолды тек даңғыл,
Жас арман жанға бере ме дамыл?
Дос сөзін ұғар бола ма шаман,
Қамыңды ойлап, қақса да дабыл.
Дұрыс қой өмір шыңына бойлау,
Жастықта жарқын жалын боп жай
Тәтті ғой қиял, арман да жақсы,
Артық қой бірақ жан-жақты ойлау.
албырттық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы