17.09.2021
200
Уақыт құзыры
Жиын ғып,
жүрген жерінді той ғып, дулатып
Жүретін шақ-ай
шырқатып әнді шыңға атып.
Құстары
тастап кеткен көл сынды тұнжырмын,
Мен емес,
бұған кінәлі, достым, уақыт.
Бояу жоқ өзге,
көрініп әлем ақ түс боп.
Аспанның төсін
шарлайтын күндер ақ құс боп,
Қадамындағы
қақпанның өзін кей сәткі
Алушы ең, дүние-ай
азарға ғана шақ түстеп.
Сақылдап тұрған
сары аяздарда бу атып,
Қуатың құрыш,
бөгетті бордай уатып,
Жүретін шағың
кешегің болып келмейтін,
Бұлқынсаң,
ойын бұрап көндірер уақыт,
Айтатын ашық
әдетім, күлме сен маған,
Осыған тәнті
бұл ғаламдағы пенде адам.
Құзырын уақыт
мойындамайтын жан тапсаң,
Жетелеп алып,
күлегеш досым, кел маған!
уақыт құзыр Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы