17.09.2021
172
Білу қиын кімге сену керегін
Білу қиын кімге сену керегін,
Адам жаны көз алдында көк егін
Емес, қалай қалтарысын білерсің
Бойлап сонау жүрегінің тереңін.
Жатқа сенбеу заңды,
сенген жақының
Көмек, жетек беріп білген ақылың,
Жаның салып, жақсылығыңды аямай
Жүрсең,
қауып жараласа тақымың!
Қалып көңіл,
қалай жаның талмасын,
Кешірілмес қаттылыққа бармассың.
«Күйген ауыз үрлеп ішіп суықты»,
Енді аяғың қалай жиып алмассың.
Жақсылықты жасау үшін ойлану
Керек екен татымсыздан бой бағу.
Білімсізге болыстық қып бұзылмай,
Артық екен «ауыз майлар қой бағу».
сенім Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы