17.09.2021
190
Сұлулыққа құштар көп
Сұлулыққа құштар көп,
Айта алмаймыз неге деп.
Ең арысы гүлге ғой
Құштар ұшқан көбелек.
Әркім-ақ қол созады
Өмірімнің бағы деп.
Сөйте тұра қара май
Құятындар тағы кеп.
«Қол жетпеген қарлығаш»
Тұрмаған соң бағы үдеп.
сұлулық сұлу Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы