17.09.2021
154
Ұнатамын
Мөлдір кездер мың-мыңдаған
Арасынан ұнар көзін
Қарап, танып жалындаған
Оқысын да жүрек сөзін.
Қою кірпік несіне сен
Перде болып жасырасың,
От болаттар ұшырасып,
Өрт боп ұшқын шашырасын.
Ұнатамын қос жүректің
Қобалжусыз жарасқанын.
Ұнатамын адамдардың,
Қиыса алмай қарасқанын.
ұнату Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы