17.09.2021
209
Өкініш
Бір кезде сенің қиялың еді-ау,
Іздеуші ед мөлдір қара көз нұрын.
Елесіне оның қиналушы ең-ау,
Жүрсе ол бақта жырлап өз жырын.
Өмірде жолдар тоғысып небір
Жатады,
тағдыр құзыры ма екен!
Шіркін-ай, неге табысқан көңіл
Тоғыспай әсте болады бөтен!
өкініш Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы