17.09.2021
167
Сағынышым
О, менің аяулы арман, сағынышым,
Жанымның езің бе едің сабыры шын.
Бұлқынған бұл жүректі бұғалықтап,
Ұстаған тәріздімін тағыны шын.
О, менің аяулы арман, сағынышым,
Жанымның алаулаған жалынысың.
Даланың шаңқай түскі ақ қанатты
Сен кейде сезілесің сағымы шын.
О, менің аяулы арман, сағынышым,
Сенімен ғана түгел бақ-ырысым.
Сенсізде елсіздемін дауылдатып,
Нөсер боп құйып өтер жауыным шын.
сағыныш Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы