17.09.2021
183
Кім дедің
Жанарым ба кінәлі жаудыраған,
Әлде неге назарың ауды маған?
Әлде мынау еңсем бе сыр білдірген,
Иығым ба тәрізді тау құлаған?
Әлде абайсыз жүзіңе қарадым ба,
Қарауымды хабарға баладың ба?
Сыр сандығым – жүрегім түбінде деп
Жүрген сырым тұрды ма қабағымда?
Тереземнен әлде сыр ұрладың ба,
Әнге ақтарып, мұң шағып тұрғанымда.
Әлде мені жансыз бір гүл дедің бе,
Кез келгеннің өсетін гүл бағында?
Жанар кінә Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы