17.09.2021
216
Сен алыста
Ылғи менің қасымда едің, бірге едің.
Еркеледің, қойшы әрі жүр дедім.
Әзіліңе жауап қатпай бұртиып,
Тысырайдым, тосырайдым, күлмедім.
Сен алыста, мен мінеки үйдемін,
Сен алыста, мен қаңдайлық күйдемін!
Сен алыста, менің анық түйгенім –
Үйде болшы, бірге болшы, сүйгенім!
алыс Бірге Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы