КЕЛІННІҢ АТА ЕНЕМЕН ТҰРУЫ
Шариғатта былай делінеді: «Шаттыққа толы, берекелі екі үй бар: қазыналы қарты бар үй және балалары бар үй». Әри- не, екеуі де болса жақсы. Қазір небір зәулім үйлер бар. Ішінде қарты да, баласы да жоқ – жылу жоқ. Қазыналы қариясы бар үйден береке кетпейді. Келін соны түсінуге тиіс. Бір кісілік тамақ он кісіге жететіндей береке дариды. Қазақта ата-әже институты деген бар. Ондай институттың тағылымын түй- іп өскен бала ертең-ақ ата-анасының атын аспандатып, ел- дің баласына айналатыны анық. Баланы үлде мен бүлдеге орап өсірсеңіз де бере алмайтын құндылықты өмір көрген ата - әжесі ойнатып отырып-ақ сіңіреді. Мысалы, тамаққа бәрін салып, тұз салмасаңыз, дәмді шықпайды ғой. Сол си- яқты, балаға керектің бәрін әпердіңіз делік. Бірақ балаға керегі ол емес. Ол да тұзы жоқ тамақ сияқты болып тұрады. Ең үлкен мейірім ата-әжеден келеді. Бала ата-әжесін көріп өседі ғой: атасының қасында жүрген, әжесімен қонаққа барған. Ата-әжесіне ере жүріп-ақ ақыл-ойы дамып, дағды қалыптастыра береді.
#Көптеген әйел адамдар түсінсе: Ер адамның жәннәті оның- АНАСЫ.
Ал әйелдің жәннәті- КҮЙЕУІ.
Барлығын Алла разылығы үшін жасайтын болсаңыз, Алла өзі сізге реттеп береді өміріңізді.