16.09.2021
205

Аяздан жылы үйге кіргендей
Аяздан жылы үйге кіргендей
Жылы еді жымиып қарауың.
Жасырын жан сырын білгендей,
Ұққандай жүректің қалауын.
Сыбырлап лып етті суық ой...
Күрмелді ә деуге тіл келмей...
Ыстық леп суынып, тұнып бой,
Шым батты жылынып үлгермей.
Аяз үй Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы