15.09.2021
221
![](/uploads/shorttexts/author_image/04841014466890f3b14c37ec766b4285.jpg)
Күз түнінде
Күз түнінде
Балалар алау жағып,
Тұрды жалын
Қайыңның көзін қарып.
От жаулығын жамылып
Азар тұр ол
Қан-селі жоқ
Ерінін қыршып алып.
Біз де ылғи
Осылай шектен кетіп,
Сүйек жарып,
Сөзіміз еттен өтіп...
Жақсы көрген жаңдарды
Жүреміз ғой
Көбінесе кейітіп,
өкпелетіп.
күз Түн Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы