15.09.2021
147
Алматыда, Жамбыл ақын тойында
Сильва Капутикяннан
Кең тыныстап, көк аспанның төсімен
Ұшып жеттік, достар, әрбір қиырдан.
Көк құрыштан, Лайнер бізді тездетіп,
Қауыштыру үшін дерсің құйылған.
Біздер өстік әр ұяда, жырақта,
Алуан көзде ұйып алуан таң нұры.
Әңгімеміз үйлесті, бір тұрақта
Бала күннен тербеткендей жан сыры.
Қар құйынның, құм биінің арасы —
Мызғымайтын біздің достық — асқар тау.
Ұғысар ма ек жандарындай бір үйдің,
Орыс тілі болмаса егер, достар-ау.
Алматы Жамбыл ақын Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы