15.09.2021
135
![](/uploads/shorttexts/author_image/04841014466890f3b14c37ec766b4285.jpg)
Жұлдыз
Зульфиядан
Бөлме қапас.
Шықтым салқын аулаға.
Түн мұнарын серпіп, мені баураған.
Жарқырайды, жаудырайды бір жұлдыз
Сенің отты жанарыңнан аумаған.
Алыс жұлдыз, арман отын тұтатып,
Телміресің қайратымды уатып.
«Махаббатым, біргемін ғой өзіңмен»
Деп сыбырлап тұрғандайсың жұбатып.
Жұлдыз аударма Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы